«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының оқу-өндірістік комбинаты» КММ
КГУ «Учебно-производственный комбинат села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті Ақмола облысының оқушылары!!!

11.03.2021

      Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Ел Үміті» бастамасын іске асыру шеңберінде өткізілетін «Мың бала» ұлттық Олимпиадасына қатысуға шақырамыз.

«Мың бала» жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді.

Бұл олимпиадаға ауылдық жерлерде соңғы екі жыл тұратын 5 және 6 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиадаға бұрын қатысқан ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары қатысуға қайта өтініш беруге құқылы.

«Мың бала» Олимпиадасына қатысу қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 1000 жеңімпазға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқыту ұсынылады. «Мың бала» олимпиадасының барлық қатысушыларына одан әрі оқу және дағдыларын дамыту үшін «Ел Үміті» дамытушы онлайн-платформасында курстарға тегін қолжетімділік беріледі.

Назар аударыңыз! Қатысушыларды тіркеу ағымдағы жылдың 24 наурызына дейін сайтта жүргізіледі 1000bala.elbasyacademy.kz

8 800 080 48 48 нөміріне қоңырау шалу арқылы сұрақтар қоюға болады (қоңырау шалу тегін).

Айта кетейік, 2020 жылы олимпиаданың қорытындысы бойынша Ақмола облысының 83 оқушысы жеңімпаз атанды. Оның ішінде 5 сынып-49 оқушы, 6 сынып-34 оқушы. 6-сыныптың 34 жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің 1-і Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебіне, 3-і Көкшетау, Петропавл және Қарағанды қалаларының "Білім-инновация" лицейлеріне, 13-і ҚР Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерге қабылданды.

Просмотров: 147


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст