«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының оқу-өндірістік комбинаты» КММ
КГУ «Учебно-производственный комбинат села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанда студенттер, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақылары артты

20.09.2021

    Еліміздегі жоғары оқу орындары студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының шәкіртақы көлемі осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арта түсті. Бакалавр бағдарламасы бойынша оқитындардың шәкіртақысы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға ұлғайтылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Бакалаврда оқитын студенттердің шәкіртақысы 26 186 теңгеден 31 423 теңгеге дейін артты. Педагогикалық бағыт бойынша оқитын жоо студенттері бұрын 42 000 теңге алса, енді 50 400 теңге алатын болады. Біз Президенттің тапсырмасын орындап, болашақ дәрігерлердің стипендиясын едәуір арттырдық. Олар 26 186 теңгенің орнына 50 400 теңге алатын болады. Өткен жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шәкіртақы 25%-ға ұлғайтылды. Шын мәнінде, соңғы екі жылда бакалавриатта оқитын студенттердің стипендиясы шамамен 2 есе артты", — деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.   Сонымен қатар магистранттар, докторанттар мен интерндердің де шәкіртақылары артты. Егер бұрын магистранттар 66 913 теңге алса, енді олардың ай сайынғы стипендиясы 76 950 теңгені құрайды. Докторанттар стипендиясы 150 000 теңгеден 172 500 теңгеге дейін, интерндерде – 47 431 теңгеден 59 289 теңгеге дейін өсті.   Өзгерістер мен толықтырулар Үкімет қаулысымен жоғары оқу орындарының білім алушыларына мемлекеттік стипендияларды төлеу, олардың мөлшері және тағайындау Ережесіне енгізілді.   Қазақстанда шәкіртақы төлеудің жаңа Ережелері бекітілді.

Ссылка: https://www.kt.kz/kaz/society/_1377921249.html

Просмотров: 272


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст